Ол түсірген клип Мехикодағы метроның медиафасадтарында көрсетілді
Әнші Димаш Құдайберген Мексикада ән кешін өткізуі мүмкін. Ол Латын Америкасындағы тыңдармандарының шақыртуын қабыл алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Латын Америкасындағы жанкүйерлеріме, Мексикадағы жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Қала бойынша 600-ге жуық экран арқылы жасаған шақыртуларыңызды қабыл алдым. Бұйырса, сіздер жаққа да ат басын бұрармын. Рахмет!» - деп жазды Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Fly Away әніне түсірілген видеосы Мехикодағы метроның медиафасадтарында жарияланды. Ол апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетілді.