Шығыс Қазақстанда электр бағанына соғылған мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

ШҚО Полиция департаменті

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында электр бағанына соғылған мотоцикл жүргізушісі көз жұмды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 7 қыркүйек күні сағат 15:35 шамасында Шемонаиха ауданы Первомайский кентінде болған.

«Полевая көшесінде келе жатқан «Honda» маркалы мотоциклдің жүргізушісі рульге ие бола алмай, электр бағанына соғылды. Соның салдарынан 33 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижеcі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.