Елімізде бірнеше жылжымайтын мүлкі бар азаматтарға сән-салтанат салығы салынуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл мәселенің барлығы тыңғылықты қарастырылып, талқыланады

Фото ашық дереккөзден

Елімізде бірнеше жылжымайтын мүлкі бар азаматтарға сән-салтанат салығын салу мәселесі қаралуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бірнеше жылжымайтын мүлік иелері үшін салық енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Егер адамның 10-15 нысаны болса, онда ол көбірек төлеуі тиіс болар. Бұл мәселенің барлығы тыңғылықты қарастырылып, талқыланады», – деді министр.

Сонымен қатар ол автомобиль маркасы сән-салтанат салығын белгілеу үшін өлшемшарт ретінде қаралмайтындығын, оның құны ескерілетіндігін атап өтті.

«Тура маркасы бойынша қаралады деп ойламаймын. Меніңше, автомбильдің құны қарастырылады. Бұл мәселе де Салық кодексі аясында қоғамдастықпен, бизнеспен, сарапшылармен талқыға түседі. Шартты түрде айтар болсам, құны 100 мың, 150 мың доллардан, тіпті одан да жоғары құнынан басталуы мүмкін. Қандай да градация болатын шығар. Дәл осы жайт жылжымайтын мүлікке де қатысты. Бірақ ол жоғары бағаланады. Себебі ол жылжымалы мүлікке қарағанда қымбат бағаланады», – деді Әлібек Қуантыров.

Тегтер: