Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 8 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай болады. ҚР қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте дауыл, солтүстікте, солтүстік - батыста түнде және таңертең тұман болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.

Күндіз Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде +4+6°С, күндіз +16+18°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +21+23°С, күндіз +31+33°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С болады.