08.09.2022, 02:37
Жаңалықтар
Павлодар облысында жұмысшы үстіне бетон плита құлап, көз жұмды
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде
Фото ашық дереккөзден
Павлодар облысында жұмысшы үстіне бетон плита құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz телеграмм-арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, 7 қыркүйек күні сағат 12:21-де полицияға Павлодар облысы Ақсу ауданының Қалқаман ауылында болған жазатайым оқиға бойынша қоңырау түсті.
«Анықталғандай, Промышленная көшесі, 1 мекенжайы бойынша бір ЖШС-нің бетон плиталарды орнату кезінде 25 жастағы жұмысшысына қоршаудың бетон плитасы құлаған.Алған жарақаттарынан жас жігіт оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)