Маңғыстауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу амалдары жүргізілуде

polisia.kz

Маңғыстауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өткізіліп жатқан “Stop-traffic” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен Мұнайлы ауданында орналасқан моншалардың бірінде ақылы интимдік қызмет көрсететін азаматша мен жеңгетайлықпен айналысқан 52 жастағы әйел адам ұсталды.

 Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.