07.09.2022, 20:13
Жаңалықтар
Алматыдағы Кеңсай зираты аумағында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Өрттен 60 молаға залал келген
Фото ашық дереккөзден
Алматы қаласындағы Кеңсай зираты аумағында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қалалық ТЖД басшысының орынбасары Самат Асаинов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кеше Алматыдағы Кеңсай зираты аумағында өрт шықты. Қазіргі уақытта Медеу аудандық прокуратура қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр», - деді Самат Асаинов.
Қалалық ТЖД басшысы орынбасарының айтуынша, өрт салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ және материалдық шығын келмеген.
Брифинг барысында Кеңсай зиратындағы өрттен 60 молаға залал келгені айтылды.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады