Алматы облысында шөпке қасақана от қойған ер адам ұсталды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Әлеуметтік желіде даладағы жанып жатқан орындарды сөндіріп жүрген адамның видеосы тараған болатын

Алматы облысы Полиция департаменті бұл оқиғаның 6 қыркүйекте Жамбыл ауданы Еңбекшіарал кентінің маңында болғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Далалы жерде кепкен шөпті өртеп жіберген ер адам анықталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

«Жауап алу кезінде ұсталған адам өз әрекетін түсіндіре алмады, өйткені ол мас болған. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.