Өткен тәулікте елімізде КВИ жұқтырғандар саны екі есеге көбейіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 15 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: RT

Қазақстанда өткен тәулікте 324 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 62,
Алматы қаласында - 29,  
Шымкент қаласында – 2,
Ақмола облысында – 27,
Ақтөбе облысында – 11,
Жетісу облысында - 3,
Атырау облысында - 8,
Шығыс Қазақстан облысында - 12,
Абай облысында - 9,
Жамбыл облысында - 3,
Батыс Қазақстан облысында - 20,
Қарағанды облысында - 40,
Ұлытау облысында - 5,  
Қостанай облысында - 39,
Қызылорда облысында - 2,
Маңғыстау облысында – 11,

Павлодар облысында - 12,

Солтүстік Қазақстан облысында - 26,

Түркістан облысында - 3.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 390 587 адамға жетті. 

7 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 16 578 адам коронавирус инфекциясынан (–16 297+ және 281 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 384 пациент стационарда, 16 194 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

15 адамның жағдайы ауыр,

6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.