Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады

Фото ашық дереккөзден

Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық ПД Бостандық ауданы Полиция басқармасы видео түсірілген жерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады», - делінген хабарламада.

Тегтер: