Павлодарда 2 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда 2 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Pavlodarnews.kz сайтының жазуынша, оқиға кеше сағат 11.17-де болған.

Бүлдіршінге жедел бірінші медициналық көмек көрсетілген. Жағдайын ауыр деп бағалаған дәрігерлер оны бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, балаға операция жасалған.

«Ішкі қан кету тоқтатылды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр», - делінген хабарламада.