Бұл туралы депутат Facebook парақшасында жазды
Алматы облысы, Раимбек ауданы, Сарыжаз ауылының орта мектебі мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сарсенбайұлының есімімен аталды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мектеп ұжымы сондай шешім қабылдаған, енді ресми рәсімделуі керек. Бұл дұрыс қадам. Дегенмен, Алтынбек Сәрсенбайұлының атымен одан да ірі нысандар, аэропорт, проспектілерді қою керек. Ол болашақтың ісі деп есептеймін.
Бірақ, аталған шара орынды. Ұзағынан болсын!» - деп жазды Ерлан Саиров.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы мен елорда көшелерінің біріне Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілуі мүмкін екені хабарланған болатын.