Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны біршама азайды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 16 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: delfi.lt

Қазақстанда өткен тәулікте 154 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 46,
Алматы қаласында - 13,
Шымкент қаласында – 1,
Ақмола облысында – 15,
Ақтөбе облысында – 1,
Алматы облысында - 5,
Атырау облысында - 10,
Шығыс Қазақстан облысында - 4,
Абай облысында - 1,
Жамбыл облысында - 3,
Батыс Қазақстан облысында - 9,
Қарағанды облысында - 25,
Қостанай облысында - 10,  
Маңғыстау облысында - 5,
Павлодар облысында - 4,
Солтүстік Қазақстан облысында – 2.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 390 263 адамға жетті. 

6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 009 адам коронавирус инфекциясынан (–16 730+ және 279 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 404 пациент стационарда, 16 605 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

16 адамның жағдайы ауыр,

7 пациенттің жағдайы өте ауыр,

5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.