04.09.2022, 17:41
Жаңалықтар
Елімізде ормандарды зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Бұл қылмыс ауыр қылмыс санатына жатады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда ормандарды жойғаны немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаменті басқармасының бастығы Ермек Шүлден мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"ІІМ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ормандарды жою немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою жолымен немесе қалдық, қоқыстармен ластау арқылы, өзге де қауіпті тәсілдерімен қасақана жою, зақымдау ҚР Қылмыстық кодексінің 341-бабымен сараланады. Бұл қылмыс ауыр қылмыс санатына жатады және ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді ІІМ өкілі.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды