Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл – ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1 800 адам эвакуацияланды. Мектептерге 200-ге жуық адам орналастырылды. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады», - деп мәлім етті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.