Қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде
Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабына сілтеме жасап.
«Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына тиген жоқ. Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында адам шығыны тіркелген жоқ», - делінген хабарламада.