Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өртті сөндіру жұмыстарымен таныспақ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр. Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді», - деп жазды Руслан Желдібай.