$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысындағы өртке байланысты жедел желі ашылды

Облыс әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда

Қостанай облысындағы өртке байланысты жедел желі ашылды

Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД ашылған жедел желі телефонына хабарласуына болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде

8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желі ашылды,  психологтарының жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады.

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы.

Серіктес жаңалықтары