Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан медбике сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды ұрып-соққан медбике сотталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

 Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы медбике “азаптау” бабы бойынша сотталды. Айыптауға сәйкес әйел өзі қадағалауға тиіс мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерін ұрып-соғып отырған. Қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған. Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды. Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.