Атырау облысында 9 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір жасөспірім облыстық балалар ауруханасында жатыр

Фото ашық дереккөзден

Атырау облысында 9 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті. Қазір жасөспірім облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.  

Оқиға кеше, 2 қыркүйекте Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында болған.

«Құлсары қаласындағы аудандық орталық ауруханаға көпқабатты үйдің 4-қабатынан 9 жасар бала жеткізілді. Жасөспірім аурухананың жансақтау бөліміне сүйек сынықтарымен түсті. Оның жағдайы ауыр, травматологиялық күйзеліс алған. Біздің аурухананың дәрігерлері медициналық ем-дом көмегін жасады», - деп мәлім етті аурухананың директоры Нұрбек Үкібаев.

Кейін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.