Талдықорғанда аяқтарына полиэтилен қапшық киіп мектепке барған оқушыларға қатысты әкімдік түсініктеме берді

Azattyq Rýhy

Қазір аталған әкімшілік аумақта  ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Талдықорғанда аяқтарына полиэтилен қапшық киіп мектепке барған оқушыларға қатысты әкімдік түсініктеме берді
Бейнеден кадр

Талдықорғанда аяқтарына полиэтилен қапшық киіп мектепке барған оқушылар жайындағы бейнежазбаға қатысты әкімдік өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Жауаптылардың айтуынша әлеуметтік желіде жарияланған видео Ащыбұлақ саяжайында түсірілген. Қазір аталған әкімшілік аумақта  ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Борпылдақ шаң соның нәтижесі. Айта кетейік бұл елдімекенде бұрын орталықтандырылған ауызсу жүйесі болмаған. Көктемде басталған құрылыс осы айдың соңына дейін аяқталады, -дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

«Ащыбұлақ елдімекенінде 111 шақырым жерде су өткізеді. Оған қарастырылған қаражат 187млн теңге. Осы елдімекенде 760 тан астам үй суға қосылатын болады», - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.