Жарақат алған азамат аудандық ауруханаға жеткізілді
Атбасарда 37 жастағы азамат әріптесінің көлігін айдап әкетіп, жол апатына түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атбасар ауданының полиция бөліміне Атбасар қаласының 29 жастағы тұрғыны автотұрақтан әріптесі оның «ВАЗ-21120» маркалы көлігін айдап әкеткеніне шағымданған.
Өтініш беруші кілтті көліктің ішінде қалдырып кеткені белгілі болды.
«37 жастағы ақмолалық Атбасар қаласының көшелерінің бірінде рөлге ие бола алмай, «Урал» маркалы жүк автомобилімен соқтығысқан. ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.