Суреттегі бүлдіршін мектеп оқушысы емес екен
Кешегі Білім күнінің ең танымал суреті БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында түсірілген. Суреттегі баланың жасы төртте екен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Баланың есімі - Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі. Ол салтанатты шараға ағасымен бірге барған екен.
«Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Бұлай танымал болады деп ойлаған жоқпыз», - дейді анасы Бақытгүл Жақыпова.