Шетел жаңалықтарына шолу
Эстония билігі ресейліктердің елге келуіне тыйым салмақ. Эстонияның Сыртқы істер министрі Рейнсалу алдағы аптадан бастап ресейліктердің кіруіне тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл біраз уақытты алады, бірақ Ресей азаматтарының көптігін ескерсек, уақыт өте маңызды деп ойлаймын», - деді ол.
Дипломат бұл мәселеде елдің аймақтық серіктестерімен бірлесіп әрекет етуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Бұған дейін Литва президенті Гитанас Науседа Еуроодақ пен Ресей арасындағы виза режимін жеңілдетудің тоқтауы бұдан да ауыр шектеулердің алғышарттары екенін айтқан. Ол сондай-ақ Ресей азаматтары үшін визалық шектеулерді күшейтуге уәде берді.
31 тамызда Еуроодақ елдері Прагада өткен ЕО Кеңесінің бейресми отырысында Ресеймен виза режимін жеңілдету туралы келісімді тоқтату туралы шешім қабылдады. Ресей туроператорлары қауымдастығы (ATOR) ЕО-ның жаңа шектеулері визалық өтініштерді қарау уақытының айтарлықтай ұлғаюына әкелуі мүмкін деп санайды.
БІШКЕК – ОШ ТАСЖОЛЫНДА АЛТЫ ОҚУШЫСЫ ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАДЫ
Жалал-Абад облысының Каракөл қаласында кәмелеттік жасқа толмаған алты оқушы жол апатына ұшырап, олардың бесеуі қайтыс болды.
Қайғылы жағдай 25 тамызда түнгі сағат 03:00 кезінде Бішкек – Ош тасжолының 390 шақырымында болған. Жоғары жылдамдықпен келген «Субару» көлігінің жүргізушісі бұрылыста рөлге ие бола алмай трактордың тіркемесіне соғылған.
Дәрігерлер олардың өмірі үшін бірнеше күн арпалысты. Алайда шұғыл жасалған ота мен дәрігерлік көмекке қарамастан, 2006 және 2007 жылы туған бес оқушы қайтыс болып кетті. Бесінші оқушының да қаза тапқанын түнде дәрігерлер растады.
Тек рөлде отырған, апаттың басты себепшісі болған жалғыз оқушы ғана жансақтау бөлімінде жатыр. Алты оқушы да Каракөл қаласындағы № 4 және №2 мектептің 9-сынып оқушылары.
НИГЕРИЯДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ ТАҒЫ 15 АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚИДЫ
Нигерияның солтүстік-шығысындағы Нгадабул өзенінен бір күнде кем дегенде 15 адамның мәйіті шығарылды, деп хабарлады Нигерияның төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігінің өкілі Мухаммад Усман.
«Толассыз жауған жаңбыр Нгадабул өзеніндегі судың көтерілуіне себеп болды. Борно штатының астанасы Майдугури қаласының әкімшілік шекарасында 15 дене судан шығарылды», - деді ол.
Нигерияда бірнеше күн бұрын басталған жаңбыр әлі толастаған жоқ. Қолайсыз ауа райы су тасқыны мен көптеген көшкіндерге әкелді. Көрші Джигава штатының билігі 30 тамызда су тасқынынан 51 адам қаза тапқанын хабарлаған еді.
ҚЫТАЙ АҚШ-ТЫҢ ӘСКЕРИ САЛАҒА БӨЛГЕН ҚАРЖЫСЫН СЫНАДЫ
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян АҚШ қорғаныс саласына көбірек қаржы бөлгенн сынады. Тіптен Чжао Лицзян АҚШ пен басқа да ірі елдердің әскери шығындарын салыстырып, есептеп шыққан.
«Америка Құрама Штаттары қорғанысқа келесі тоғыз елмен салыстырғанда әлдеқайда көп ақша жұмсайды», - деді қытайлық дипломат.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Вашингтон 2021 жылы қорғанысқа шамамен 800 миллиард доллар жұмсаған. Ал Қытай, Үндістан, Ұлыбритания, Ресей, Франция, Германия, Сауд Арабиясы, Жапония және Оңтүстік Кореяның бірлескен шығындары ы 777 миллиард долларды құраған.
Бұған дейін Чжао Лицзян АҚШ-тың әлемдік аренадағы ерліктерін келемеждеп, Америка билігіне Ирак, Ауғанстан және басқа да бірқатар елдердегі қылмыстарын еске салды.