Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді
«Қазақстанда бұлтты және құрғақ ауа райы сақталатын кең антициклон ықпалында болады. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.