9-сынып оқушысы келесі күні полицияға арыз жазған
Көлігінің ішінде 14 жастағы қызды зорлаған 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті құрықталды. Енді азғын 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға осыдан үш күн бұрын Талдықорған қаласында болды. 20 жастағы жігіт арам ойын көлігінің ішінде асырған. Зәбір көрдім деген 9-сыныптың оқушысы полицейге арызды келесі күні жазыпты.
Тәртіп сақшылары ұстаған күдікті Жетісу өңірінің тұрғыны болып шықты. Қазір ол 2 бап бойынша тергеліп жатыр.
«Дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 3-1бөлігі және 121 баптың 3-1 бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Болжам бойынша, жәбірленушіні зорлау Тойота Камри автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп арнайы тұраққа қойылды», - деді Жетісу облысы ПД өкілі Жанна Нүпбаева.