«Болашақ» халықаралық стипендиясы 84 қазақстандыққа берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар 60 адам докторантурада оқуға стипендия алды

фото: egemen.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Комиссия шешімімен магистратура, докторантура, резидентура бағдарламасы бойынша 84 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді.

Отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылды.

Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.