Қазақстан, Қытай, Әзербайжан және Татарстан сарапшылары интернет-ресурстарды құқықтық реттеуді талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Интернетке тәуелділік, құмар ойындары және кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлерді анықтау үшін 32 фокус-топтық талқылау жүргізілді

«Жастар мен балалар арасында Интернет-және YouTube-тәуелділіктер мен құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы шеңберінде тәжірибе алмасу және шетелдік практикаларды енгізу үшін онлайн халықаралық алаң іске қосылды. Бұл жобаны «Жастар Рухы» жастар қанаты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірінші отырыстың тақырыбы «Интернет ресурстарды құқықтық реттеу» болды. Талқылауға Қазақстан, Қытай, Әзербайжан және Татарстан жастар ұйымдарының көшбасшылары мен сарапшылары қатысты.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев алаңның негізгі мақсаты туралы айтып берді:

«Біздің онлайн алаңымыздың мақсаты - жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік, кибербуллинг және лудомания мәселелерін реттеу саласында тәжірибе алмасу және шетелдік тәжірибелерді енгізу. Интернет барлық адамдар үшін, соның ішінде жастар үшін ең сенімді құралдардың біріне айналды», - деп атап өтті ол.

Өз кезегінде, ИЫҰ Жастар форумының Еуразиялық өңірлік орталығының атқарушы директоры Гурбанов Вузал отырыстың маңыздылығын атап өтті:

«Жастар арасында ұялы телефондардың таралуы оларды бұрынғыдан гөрі қудалау, қорлау хабарламалары, жеке басын ұрлау және әлеуметтік оқшаулау қаупін арттырады. Сондай-ақ, кибербуллинг электронды қауіпсіздік негіздерін, қоғамды ағартуды, саясат пен стратегияны дамытуды қажет ететін жағдайлар көбейіп келеді. Сондықтан, біз барлық сарапшылармен бірге бұл мәселені жан-жақты қарастыруымыз керек деп санаймын», - деді Вузал Гурбанов.

Бейжіңнің кәмелетке толмағандардың проблемаларын құқықтық көмек және зерттеу орталығының атқарушы директоры, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қорғауға мамандандырылған заңгер Юй Сюйкунъ интернеттегі қытайлық кәмелетке толмағандарды қорғау туралы айтты:

«Соңғы жылдары Қытай жасөспірімдердің желілік қорғаныс желілерін заңдар, әкімшілік заңдар, ережелер, саясат, сондай-ақ салалық стандарттарды алға жылжыту сияқты бірқатар жолдармен үнемі жетілдіріп отырады», - деді ол.

Сонымен қатар, отырыста «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жобаларды басқару департаментінің директоры Рашидов Еркен Ерікұлы, Бүкілқытай жастар федерациясы Бас хатшысының орынбасары, ҚХР атынан ШЫҰ Жастар кеңесі хатшылығының басшысы Дун Ся, «Салэт» (Татарстан) медиа-орталығының басшысы Ганеева Алсу Раисовна және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Өтесін Аида Айбарқызы сөз сөйледі.

Сондай-ақ, осы жоба аясында балалар мен жасөспірімдердің білімін арттыру және интернетке тәуелділігінің алдын алу мақсатында «GalamTOP» онлайн курстары өткізілуде, жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік, құмар ойындары және кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлерді анықтау үшін 32 фокус-топтық талқылау жүргізілді, сондай-ақ жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша материалдарды тарату бойынша @GalamTOP Telegram арнасы жұмыс істейді.