Сот Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған Қытай азаматын елден шығару туралы үкім кесті
Ақтөбеде 43 аспаз жұмыссыз отырса да, мұнайшыларға қытайлық аспас тамақ әзірлеген. Шын мәнінде Қытайдан келген аспаз тек Алматы қаласында ғана жұмыс істеуге рұқсат алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті «Диапазон» сайты жазған мәліметке сүйенсек, сот Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған Қытай азаматын елден шығару туралы үкім кескен.
«Қытай азаматшасы Алматыда аспаз болып жұмыс істеуге рұқсат алған, алайда, Ақтөбеге келіп, вахтада заңсыз жұмыс істеген. Ал ресми мәліметтер бойынша, Ақтөбе облысында 43 аспаз жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркелген. Яғни, жергілікті аспаздар жұмыссыз отырғанда, мұнайшылар Қытайдан аспаз шақырған», - деп жазады дереккөз.