Иракта коменданттық сағат енгізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қақтығыс кезінде қаза тапқандар бар

Бағдадта шейіттер көшбасшысы Муктада ас-Садр саясаттан кететінін жариялағаннан кейін болған қақтығыстар салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жарақат алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ас-Садрдың жүздеген жақтастары Ирак астанасының «жасыл дәлізіне» басып кіріп, үкіметтік ғимараттарды басып алған.

Полицейлер көзден жас ағызатын газ қолданған, елдің барлық аумағында коменданттық сағат енгізді.

Дүйсенбі күні Ас-Садр елдегі дағдарысқа байланысты саясаттан кететінін жариялаған болатын. Оның партиясы өткен жылдың күзінде өткізілген парламенттік сайлауда жеңіске жеткенімен басымдық беретіндей мандат жинай алмаған. Иран қолдау білдіретін саяси қарсыластарымен коалиция құру жөнінде келісім жүргізуден тас тартты.