Алматыда Саудакент базарынан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда Саудакент базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 тамызда түнгі сағат 02:09 шамасында өрт сөндіру бригадасы Райымбек даңғылы 237 Б мекенжайында орналасқан «Саудакент» сауда орнына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде базар аумағында орналасқан 260 шаршы метр алаңда бір қабатты дәмхана жанып жатқаны анықталды.», - делінген Алматы қаласы ТЖД хабарламасында.

Өрт сағат 02-44-те сөндірілді.

Оқиға орнына 16 техника мен жеке құрамнан 47 адам жіберілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.