Бірқатар аймақтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша еліміздің батыс өңірлерінде аптап ыстық болады, ал солтүстікте үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
28 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында және облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды.Түнде және тәңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Оралда күндіз 36 градус қатты ыстық болады.
Атырау облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз ауа температурасы 35 градусқа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
28-30 тамызда Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз желдің екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 27, тәулік бойы 28-29 тамызда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.