Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 600 млн адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

 COVID-19 -дан 6,48 млн көз жұмған

Фото: EPA/Vostock-photo

АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің деректеріне қарағанда, сенбі күні әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 600 млн адамға жетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy interfax.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемде COVID-19 -дан 6,48 млн көз жұмған.

АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия және Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 20 млн-нан асты.

Дүниежүзіндегі маңызды оқиғалар бойынша статистикалық деректерді жинайтын Worldometers порталының мәліметінше, аталған індеттен келген өлім-жітім 1 млн адамға шаққанда 832,1 тең. Үндістанда 1 млн адамға шаққанда 374 адам, Бразилияда – 3167, Францияда - 2 346, Германияда - 1 744 адам.

Тегтер: