Теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады
Қытаймен шекарадағы автомобильді өткізу пункттері 30- тамыз күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік кірістер комитеті 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күніне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өткізілмейтінін ескертті.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.