Аir Astana компаниясына тиесілі ұшақтың қозғалтқышынан құс іздері табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жөндеу жұмыстарын қандай мамандарға тапсырылатыны хабарланды

Аir Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақты тексеру кезінде қозғалтқыштан құстың қалдықтары табылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы-KS 9960 рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын тексеру барысында қозғалтқышынан құс іздері табылды. Салдарынан қозғалтқыш қақпағы зақымдалды (майысып қалған)», - делінген «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әуе компанияның ақпаратына сәйкес, жөндеу жұмыстарын «Аir Astana» инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.

Тегтер: