Ұлттық банк жұмадағы доллардың теңгеге шаққандағы құнын белгіледі
Бүгін, яғни жұма күні доллардың ресми бағамы қайта көтеріліп, 465.05 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, америкалық валютаның 25 тамыздағы ресми бағамы 461.98 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7.79 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 466 теңгеден сатып алынып, 470 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 466.5 теңгеден сатып алынып, 471 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 465.05 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 464.91 (еуро)
RUB / KZT – 7.79 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25.6 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 67.91 (қытай юані)
KGS / KZT – 5.79 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4.27 (өзбек сомы).