Оралда киіктің мүйізін сатпақ болған ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Cотқа дейінгі тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Оралда қырық киіктің мүйізін сатпақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол – 1981 жылы туған Зашаған кентінің тұрғыны. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Әрі осынша көп мөлшердегі дериванттың қайдан шыққаны анықталып жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық полиция департаментінің қызметкері Лунара Аманғалиева.