$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 1 600-дей сайт бұғатталды

Telegram-да боттар арқылы да есірткі сатылады

Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 1 600-дей сайт бұғатталды
Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 1 600-дей сайт бұғатталды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 1 600-дей сайт бұғатталды. Әрине, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты оның орнына басқасы шығады. Сайттарды бұғаттау үшін арнайы құзырлы органдарға жібереміз, бұғатталады. Telegram-да боттар арқылы да есірткі сатылады, ал домендік аймағы көбіне шетелде болады. Мысалы, біздің кибер ІТ мамандарымыз телефон шалса, көбіне ресейлік, болмаса басқа шетелдің телефон нөмірін береді. Олардың домендік аймақтары шетелде болғандықтан, бұғаттау мүмкін емес», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары