Мәжіліс төрағасы Өкімге қол қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.