Келер жылы АЕК пен ең төменгі зейнетақы мөлшері қандай болады
Заң жобасы 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады
ҚР Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірлеп, жария етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- ең төменгі жалақы – 60 000 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге (жәрдемақыны және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлды, салықты және басқа да төлемдерді қолдану үшін);
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;
- ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге болады.
Заң жобасы 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық» НҚА порталында жарияланады.