Қазақстаннан Ресейге көшкісі келетіндер саны азайып келеді
Бұл Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты болып отыр
Биыл бірінші жартыжылдықта Ресей Федерациясына көшуге ниет білдіргендер саны 15 пайызға азайған. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Десе де, соңғы бес жылда Қазақстанда Ресейге тұрақты тұруға шешім қабылдаған азаматтар саны өсті. Оң динамика жылына 8-12% аралығында болды. Тек 2020 жылы шекараның жабық болуына байланысты көші-қон көрсеткішінде айтарлықтай өзгеріс болмаған. Пандемия алдындағы 2019 жылдың көрсеткішімен 2016 жылды салыстыратын болсақ, жалпы эмигранттар саны 31 пайызға артқан.
2022 жылдың бірінші жартысы эмиграцияда теріс үрдісті байқалады. Өткен жылы қаңтар-маусым айларында Ресейге 11,6 мың қазақстандық қоныс аударса, биыл бірінші жартыжылдықта дәл осындай көрсеткіш небәрі 9,8 мың адамды құрап, 15 пайызға азайған. Бұл Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты болып отыр.