Әлихан Смайылов Қырғызстан мен Ресейдің үкімет басшыларымен келіссөз өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Ақорда

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшыларымен келіссөз өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әлихан Смайылов 25-26 тамызда Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады», - делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшыларымен екіжақты келіссөздері жоспарланған.