Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәби қалып қойған
Балалардың ата-анасы анықталып, жауап алынды
Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәби қалып қойған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, яғни куәгерлердің бірі хабарласып, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен бөпенің құлыптаулы қап кеткенін айтқан.
Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде балалардың ата-анасы анықталып, жауап алынды.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін кеткен.
Бұл аралықта 10 минут шамасында уақыт өткен.
Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары алдағы уақытта бұндай жағдайдың қайталанбауы үшін кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді.
Қазіргі таңда нәресте мен жасөспірім қыздың жағдайы жақсы. Ата-анасымен бірге.