Кентау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталған

Фото ашық дереккөзден

Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Алматы қалалық соты сотталушының апелляциялық шағымын қарады, ол қанағаттандырусыз қалдырылды, үкім заңды күшіне енді.

«Д. Махажанов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін сот үкімімен М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салынып, қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.