Жапонияда 3700 адам коронавирус кесірінен круиз лайнерінен шыға алмай отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Кемедегі 61 адамнан коронавирус анықталды

Фото: reuters.com

Жапонияның Йокогама портында 3700 адамы бар круиз лайнері екі аптаға карантинге жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі TJournal басылымына сілтеме жасап.

Кемеде бір адамнан жаңа коронавирус анықталғаннан кейін, карантин жарияланған болатын. 6 ақпан күні кемедегі жиырма адамға коронавирус диагнозы қойылған. Соңғы мәліметтер бойынша, лайнерде коронавирус жұқтырғандар саны 61 адамға жетті.

Вирус жұқтырған адамдар ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар мен қызметкерлер екі аптаға тексеріске қалдырылды. 

Карантин жарияланғаннан кейін екі күн өткен соң жолаушылар 90 минутқа таза ауаға шығарыла бастады. Оларға топтасып жүруге тыйым салынған.