Түркістан облысында есірткі сатумен айналысқан әйел 10 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

48 жастағы әйел ҚР ҚК 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Фото ашық дереккөзден

48 жастағы күдікті әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістандық полицейлер күдіктінің Сайрам ауданында 5 грамнан асатын марихуанасы бар сіріңке қорапшасын сатқанын анықтаған болатын. Содан кейін, жедел уәкілдер Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерінен синтетикалық «пирролидиновалерофенон» препаратына ұқсас екі полиэтилен түйіншегін тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, заттай дәлел ретінде алынған есірткінің салмағы 5 грамнан асты.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркелді. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Ал, сот үкімімен 48 жастағы күдікті ҚР ҚК 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.