$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлдегі балықтың қырылу себебі анықталды

Мамандар зертханалық талдау жүргізді

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлдегі балықтың қырылу себебі анықталды
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлдегі балықтың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске сала кетейік, шілде айының соңында Жамбыл ауданындағы Соленое көлінде 400 килограмм балық (пелядь, тұқы, мөңке) қырылды. Дәл осы уақытта сол аудандағы Табунное көлінде де балық қырылды. Мамандар зертханалық талдау жүргізу үшін су сынамасын, сондай-ақ балықтардың өлексесін алды.

Сейсенбі күні облыстық экология департаменті балықтың қырылу себебін атады.

"Жамбыл ауданының Табунное көлі мен Соленое көлінде балықтың қырылу фактісі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша мынандай шешім қабылданды. Табунное көліндегі балықтың жартылай қырылуына қоршаған ортаның жоғары температурасы және су қоймасының қатты ысуы себеп болды. Ал Соленое көлінде балық өсімдіктердің шіру процесінен және суда күкіртті сутегінің болуына байланысты қырылған", - деп хабарлады ведомство мамандары.

Балық шаруашылығы су айдындарын жалға алушыларға суаттардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу, су қоймасының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін артық өсімдіктерді кесу және аэрациялау бойынша мелиорациялық жұмыстарды жүргізу ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #балық