Алматы облысында иттерді қағып кетуден қашқан жүргізуші апатқа ұшырап, қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның денесін көліктен облыстың құтқару қызметі шығарды

zakon.kz

Алматы облысында иттерді қағып кетуден қашқан жүргізуші апатқа ұшырап, қаза тапты. Қайғылы жағдай Жетіген ауылынан Нұра ауылына қарай шыға берісте болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, жолға иттер шығып кеткен. Жүргізуші иттерді қағып кетпеу үшін шетке қарай күрт бұрылғанда, рөлге ие бола алмай қалған. Toyota Camry қарсы бағыт жолағы арқылы айналып барып, жыраға түсіп кеткен.Бар жылдамдықпен ағашқа соғылды. Жүргізуші қатты соққы алды.

Ер адам жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Оның денесін көліктен облыстың құтқару қызметі шығарды.

Оқиға орнында жол полициясы мен анықтаушы жұмыс істеп жатыр.

Сараптамалар тағайындалды.