$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша іздеуде жүрген күдікті елордада қолға түсті

Қылмыс үстіміздегі жылдың 22 шілдесінде болған

Қызылордада адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша іздеуде жүрген күдікті елордада қолға түсті
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда полицейлері адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Ол екі айға жуық уақыт Нұр-Сұлтанда жасырынып жүрген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс 22 шілдеде болған. Көпсалалы облыстық ауруханадан Қызылорда қаласы ІІД кезекші бөліміне облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен түскені туралы хабарлама түскен.

"Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша іс тіркелді. Іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 24 жастағы тұрғынның Нұр-Сұлтан қаласында екені анықталды. Облыстық Полиция департаменті қалалық Полиция басқармасы жедел уәкілдерімен бірлесіп, қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген күдіктіні елордада жалдамалы пәтерде қолға түсірді", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары