$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда мүгедектік мерзімін ұзарту үшін науқастардан пара алған шенеуніктер сотталды

Айыпталушылардың кінәсі бұлтартпас айғақтармен дәлелденді

Оралда мүгедектік мерзімін ұзарту үшін науқастардан пара алған шенеуніктер сотталды
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама басшысы мүгедектік мерзімін ұзарту үшін науқастардан 20 мен 100 мың теңге аралығында ақша  алып отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл істе оған емхананың 57 жастағы дәрігер-неврапотологы делдал болып, қылмыстық әрекетті жүзеге асыруға көмектескен. Тергеу барысында айыпталушылардың кінәсі бұлтартпас айғақтармен дәлелденді. Сот олардың жасы мен бұрын істі болмағанын және қылмысын толық мойындағанын ескеріп, айыппұл төлеу жазасын кесті. Енді олар өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет ете алмайды.

 «Жалпы олар бірнеше рет пара алған. Яғни ол банктік есепшоттарға аудару есебінен алған. Жалпы 1 миллион теңгені құрайды. Беккужинаға 60 миллион теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарда қызмет атқаруға өмір бойына тиым салынды. Парақорлыққа делдал боу фактсі бойынша дәрігер невропатолог Тельбаева кінәлі деп танылып, 6 миллион теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды», - деді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллин.

Серіктес жаңалықтары